Мәзір

Тегін шұғыл желі телефоны:

Техникалық қолдау көрсету

Техникалық қызмет көрсету және тұрақты жүргізілетін жөндеу жұмыстарының кестесін бақылап отыруға жұмсалған уақыт Сіздің бизнестің игілігі үшін жұмсалмаған, босқа кеткен уақыт болып есептеледі.  Бірақ бекітілген, жекеше әзірленген техникалық қолдау көрсетуге арналған шартпен Сіз бұл жалықтыратын жұмысты бізге тапсырып, уақытты Өзіңіздің Бизнесіңіз үшін тиімді өткізе аласыз. Бұл қызметтің ақысы, әсіресе, егер Сіз құрал-саймандар мен цехтағы жөндеу жұмыстарынан үнемдейтініңізді, сонымен бірге сервистік қызмет көрсету кестесін алдын ала жоспарлай алатыныңызды ескеретін болсақ, Сіз ойлағаннан анағұрлым төмен.


Сіз үшін  арнайы таңдап алынған толық қорғаныс. 
Сіз пайдаланатын Caterpillar  жабдығының санын ескере отырып, Сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктеріне байланысты арнайы әзірленген, техниканың тұрып қалуы  мен істен шығуынан  сақтандырудың  сөзсіз ең үздік жүйелерінің біріне қол жеткізе аласыз.  
Борусан Макина Қазақстанның қызмет көрсетуші супервайзерлері  Caterpillar жабдығына қызмет көрсету бойынша кәсіби оқудан өткен. Осылайша, Сізге біліктілігі жоғары мамандар қызмет көрсететініне кепілдік береміз. Caterpillar  өзіндік қосалқы бөлшектерін пайдалану жабдықты әрі қарай сату кезінде оның бағасын арттырады,  машиналардың қызмет ету мерзімін ұзартады және тұрып қалулар санын азайтады. Қысқаша айтқанда, біз үздіксіз жұмысты және Сіздің ақшаңызды үнемдеуді қамтамасыз етеміз. 
Техникалық қолдау көрсетуге шарт жасалған кезде машиналарды жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі нұсқауықта көрсетілген  кестенің негізінде келісілген жабдықты жөндеу бойынша барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Шартпен қосалқы бөлшектер, жұмыстар мен механиктердің шақыруға шығуы бойынша барлық шығындар өтеледі. 


Әрбір қызмет көрсету шартының Негізгі элементінің қиындықтар туындағанға дейін оларды анықтауы Caterpillar компаниясы арнайы әзірлеген майдың сынамасын жоспарлы түрде іріктеу жөніндегі бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін  майға талдау жүргізу мен істен шыққанға дейін негізгі компоненттердің тозуын анықтауға арналған ең жаңа зертханалық жабдық қолданылады.  Сіз үшін қымбат түсетін, күтпеген жерден орын алатын істен шығу жағдайларына қарағанда бұл, салыстырмалы түрде қымбат емес алдын ала ескерту жүйесі бастапқы сатыларда Сіз үшін кез келген қолайлы уақытта қосалқы бөлшектерді ауыстыруға мүмкіндік береді.